Олар Шелек ауылында салынып жатқан ішкі жолдармен абаттандыру жұмыстарына және дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстарын зерделеді. Бақылау барысында мердігерлерге құрылысты сапалы жүргізуді, отандық құрылыс материалдарын қолданылуын, бөлінген қаржының тиімді игерілуі бойынша тапсырма берілді.
«Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қажет. Мүмкіндігіне қарай жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту қажет», – деді Лаззат Тұрлашов.
Сонымен қатар Сөгеті ауылындағы ауыз су құбырынның құрылысы және су қоймасының жұмысымен танысып бір қатар ұсыныстар берді.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жасалып жатқан су құбырынның құрылысының арқасында 3500 тұрғыны бар Сөгеті ауылында таза ауыз сумен қамтылады.