Ұлттық спортты насихаттауға және жас балуандардың шеберлігін шыңдауға бағытталған бұл жарысқа Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласынан арнайы іріктелген әрқайсысынан 3 спортшыдан құралған командалар қатысуда. Бұл – жалпы саны 33 балуан бозкілемде белдесуге ниет білдіріп отыр деген сөз.
Аталған турнир жастар арасында ұлттық рухты көтеру, қазақ күресінің беделін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Турнир аясында спортшылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, республикалық құрамасына іріктеу мүмкіндігіне ие болады.
Салтанатты ашылу шарасына аудан басшылығы, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанашырлары қатысты.