Атқарылған жұмыстар:
-
11 КСС-тің 9-ында жер жұмыстары мен құбырлар төсеу толық аяқталды.
-
9 станцияға (№1, 3, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9) резервтік сорғы станциялары орнатылды.
-
7 КСС-ке (№1, 4, 5, 6 — жартылай, 7, 8 — 1 насос, 9) көлденең сорғылар орнатылды.
-
Электр желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кейбір нысандар бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на техникалық шарттар алуға өтінімдер жолданған.
-
Көптеген станцияларда ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды.
-
Бірқатар учаскеде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар орнатылды және асфальтбетон жабындысы жартылай төселді.
Қазіргі уақытта жалғасып жатқан жұмыстар:
-
№4А, №6, №11 КСС-те ішкі әрлеу, электрмен жабдықтау, аумақты абаттандыру және жол жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
-
№11 КСС-те ең ауқымды жұмыстар жоспарланған: мұнда 8 резервтік және 2 көлденең сорғы орнату көзделген.
-
Электромонтаж жұмыстары техникалық шарттар алынбаған станцияларда жалғасуда.
-
Тікбұрышты құдықтар орнату және қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Нақты деректер:
Орнатылған:
-
9 резервтік сорғы станциясы
-
11 көлденең сорғы
Қосымша орнатылатын:
-
8 резервтік сорғы станциясы (тек №11 КСС бойынша)
-
6 көлденең сорғы (№3, №4А, №6, №11 КСС)
Қонаев қаласындағы кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және көптеген нысандарда аяқталуға жақындап қалды. Бұл ауқымды жаңғырту жобасы қаладағы кәріз жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін едәуір арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз иістердің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді деп күтілуде.