Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.