Санжар Қуандық — Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Толқын орта мектебінің түлегі. Ол тесттің барлық сұрағына дұрыс жауап беріп, үздік нәтиже көрсетті.
Оқушының бұл жетістігіне орай облыстық Білім басқармасы арнайы құттықтап, қуанышты жаңалықпен бөлісті.
«Қазақстан тарихынан — 20, оқу сауаттылығынан — 10, математикалық сауаттылықтан — 10, қазақ әдебиетінен — 50, қазақ тілінен — 50 балл жинады», — делінген хабарламада.