Тергеу Исаев ауылының тұрғынының арызынан кейін басталған. Жәбірленушінің айтуынша, биыл сәуір айында ол белгісіз адамға жер сатып алу мақсатында ірі көлемдегі қаражат берген. Күдікті өзін жер иесі ретінде таныстырып, құжаттарды рәсімдеп беремін деп сендірген, алайда ақшаны алған соң байланысқа шықпай кеткен.
Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жылжымайтын мүлікпен байланысты осындай алаяқтық әрекеттер — бүгінде жиі кездесетін қылмыстардың бірі. Полиция тарапынан алдын алу шаралары жүргізілгенімен, азаматтар мұндай қылмыстардың құрбаны болуды жалғастырып отыр.
Ведомство өкілдері тұрғындарға беймәлім адамдарға сеніп, қомақты қаражатты беруден бас тартып, барлық құжаттарды мұқият тексеруге кеңес береді.