«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы мен өңірлік бағдарламалар аясында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Бұл бастама – облысты жасыл желекке бөлеп, экологияны қалпына келтіруге бағытталған жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі.
Отырғызылған ағаш саны бойынша Қонаев қаласы көш бастап тұр. Мұнда 12 446 түп ағаш егілді. Осылайша, қала аумағындағы жасыл аймақтар едәуір кеңейіп, тұрғындар үшін экологиялық қолайлы орта қалыптаса бастады.
Екінші орында — Еңбекшіқазақ ауданы, мұнда 9 429 түп ағаш отырғызылды. Үздік үштікті 6 190 түп ағашпен Ұйғыр ауданы қорытындылап отыр.
Көктемгі экологиялық акцияларға жалпы білім беретін мектеп оқушылары да белсенді қатысты. Олар 11 237 түп ағаш отырғызып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. Бұл жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам болды.
Аудан бойынша көгалдандыру көрсеткіштері мынадай:
-
Жамбыл ауданы – 8 800 түп
-
Іле ауданы – 5 693 түп
-
Талғар ауданы – 5 660 түп
-
Қарасай ауданы – 5 477 түп
-
Балқаш ауданы – 4 670 түп
-
Райымбек ауданы – 3 311 түп
-
Кеген ауданы – 2 920 түп
-
Алатау қаласы – 870 түп
Бұл көрсеткіштер – Алматы облысында қоршаған ортаны сауықтыру, жасыл белдеулерді қалыптастыру және ауаның сапасын арттыру жолында атқарылып жатқан кешенді шаралардың нәтижесі.
Көгалдандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады. Жоспарға сәйкес, тағы 41 970 түп ағашотырғызу көзделіп отыр. Бұл экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, климаттық тепе-теңдікті сақтауға және тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға септігін тигізеді.