Ақдала кенті бойынша 200, Ақтас кентінде 80 абонент табиғи газды қосуға ниет білдірген.
Ал Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға газ тарату желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Президенттің тапсырмаларында елді газдандыру мәселесі бар. Өз тарапымыздан біз облысымыздың әрбір тұрғынына газ қолжетімді болуы үшін бәрін жасаймыз. Мысалы, абоненттерді қосу құны 180 мың теңгеден аспайды», – деп атап өтті Алматы облысы ТКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.
Сондай-ақ, Талғар қаласының Аққу ықшам ауданында 300 абоненттің көгілдір отынға қол жеткізуі үшін газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Жоба жақында аяқталады.