29 °c
Qonaev
Бейсенбі, Маусым 8, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында 700-ге жуық түлек Алтын белгіге үміткер

Бұл туралы баспасөз мәслихатында білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
25.05.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1419-ы үздік аттестатқа үміткер. Оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

«Биыл 10 607 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Облыста 240 орындық тестілеуді өткізуге арналған 2 пункт жұмыс істейді. Олар Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында орналасқан», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар спикер жылдағы дәстүрге сай талапкерлерді тегін оқумен қамту жоспарланып отырғанын айтты. Ол үшін облыс әкімінің тарапынан 150 балаға гранттар қарастырылған. Грант тек бакалаврда оқитын студенттерге ғана емес, медицина саласында оқитын интерндерге де бөлінеді.

Айтылғандардан бөлек, биыл 270 мыңнан астам бала лагерьлерге жіберіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 518 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Демеушілер мен ата-аналар есебінен 10 000 оқушыға Шарын, Көлсай, Қайынды, Іле-Алатау Ұлттық табиғи парктеріне, «Алтын Адам», «Жамбыл», «Қонаев», «Таңбалы тас» аспанасты музейлеріне және т.б. көрікті орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Тегтер: Алматы облысыалтын белгіБасты жаңалықтаржас түлекмектеп

Ұсынымдар

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

08.06.2023

Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды

08.06.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында тауға шыққан тиктокер жоғалып кетті

08.06.2023

Қазақстанда жемқорлықпен күресіп жатырмыз – Президент

08.06.2023

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз – Тоқаев

08.06.2023

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

08.06.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz