Жануарларды ұстау ережелерін бұзған 133 адамға әкімшілік шаралар қолданылып, 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Соңғы оқиғалардың бірі Құмтоған ауылында тіркелді. Мұнда қаңғыбас иттер үй жануарына шабуыл жасаған. Оқиға орнына ветеринариялық қызмет мамандары жедел жетіп, 9 итті ұстады. Жараланған жануарға медициналық көмек көрсетіліп, бұл аумақ бақылауға алынды. Мұндай рейдтер өңірдің басқа да елді мекендерінде жалғасуда.
Мамандар тек айыппұлмен мәселені шешу мүмкін еместігін атап өтуде. Қазіргі таңда өңірде иттерді чиптеу мен стерилизациялау міндеттеліп, үй жануарларын ұстау талаптарын қатаңдату мәселесі қарастырылуда. Жануар иелеріне жауапкершілік артылмаса, қаңғыбас иттер саны азаймайды, ал оларды ұстау мен жоюға бюджеттен миллиондаған қаржы жұмсалады. Сондықтан бұл мәселені кешенді түрде шешу – қоғамның ортақ міндеті.