«19 қаңтарда Алматы облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы және Қонаев қалаларында 19 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі», — делінген Қазгидромет хабарламасында.
Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 1,7 м/с болмақ.
Астанада да күн райы бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін қар жауады болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 2 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с деңгейінде болмақ.