Жоба өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.
Мобильді медициналық кешендер облыстың шалғай ауылдарына арнайы барып, тұрғындарға заманауи медициналық қызметтерді тегін ұсынбақ.
Қай өңірлерде және қашан өтеді?
Тексеру жұмыстары төмендегі ауылдарда ұйымдастырылады:
📍 Қарасай ауданы
-
Үшқоңыр ауылы
-
Іргелі ауылы
🗓 16 маусым – 20 маусым 2025 жыл
📍 Ұйғыр ауданы
-
Ава ауылы
-
Кетпен ауылы
🗓 23 маусым – 27 маусым 2025 жыл
Қандай қызметтер көрсетіледі?
Жоба аясында келесі медициналық тексерулер тегін ұсынылады:
-
Маммография
-
Компьютерлік томография (КТ)
-
Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) (онкологтың жолдамасы бойынша)
-
Алдын ала кеңес беру және қажет болған жағдайда мамандарға жолдау
Барлық тексерулер тегін жүргізіледі. Тұрғындарға тек жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және жеке куәлігін алып келу жеткілікті.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай шаралар халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін мұндай профилактикалық тексерулердің маңызы зор.
Тұрғындардан белсенді қатысуға және өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырады.