Жоба аясында шалғай ауылдардағы мектептер мен жастар орталықтарына заманауи әдеби және танымдық кітаптар демеушілердің қолдауымен тегін таратылуда.
Өткен жылы жалпы құны 10 миллион теңгеге 1000 дана кітап ауыл кітапханаларына жеткізілді.
Биыл, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, 2 миллион теңгеге бағаланған 600 кітап Балқаш, Кеген және Райымбек аудандарындағы жаңа жастар орталықтарына табысталды.
Жобаны қолдаушылардың қатарында – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
Сыйға берілетін кітаптар арасында “Жыраулар поэзиясы”, “Ұлы дала ойындары”, “Алпамыс батыр”, “Абай”, “Мұхтар Әуезов”, “Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор” сынды қазақ руханияты мен мәдениетінің асыл мұралары бар.
Бұл бастаманың басты мақсаты – ауыл жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық сана мен рухани танымды қалыптастыру.