Халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі оны уақтылы хабардар ету, табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындау қаупі туралы хабардар ету болып табылады.
Тексеру барысында электр сиреналары мен дауыс ұлғайту қондырғылары қосылады. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Алматы облысының ТЖД Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренасын қосу кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске салады.
Егер сигнал сізді үйде ұстаса:
• Радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
• төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер сигнал сізді сыртта тапса:
-көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы жеткізілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Сіздің аймағыңыздағы шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз “Дәрмен” тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі