Аталған бейнежазбаны алғаш болып блогер Сырым Иткулов әлеуметтік желіде жариялады. Көп ұзамай видео түрлі Instagram пабликтерде кеңінен тарап, қоғамдық резонанс тудырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы «Нурия» тұрғын үй кешенінің маңында орын алған.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға 2025 жылғы 27 сәуір күні таңертең «Нурия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Алайда полицияға бұл жөнінде азаматтар тарапынан ешқандай ресми арыз-шағым түспеген. Құқық бұзушылық фактісі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды. Қазіргі уақытта көше жанжалына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау және ұстау шаралары қолға алынған. Оқиғаға қатысы бар азаматтардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — делінген Алматы облысы Полиция департаментінің ресми хабарламасында.