Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақтаева Лязат Мейрашқызының басшылығымен өткен алқа отырысына облыстың медициналық ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары қатысты.
Отырыста басқарма басшысының орынбасары Серікбаева Лейла Пернебайқызы 2023 жылдың 9 айында денсаулық сақтау саласындағы қандай сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгенін баяндады.
Жалпы өлім көрсеткіші 5,2%-ға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 6,08 пайыз. (2022 жылы 6,41).
Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында облыста ана өлімі тіркелмеген, жарақаттанудан болатын өлім-жітім 9,2%-ға (2022 жылы 66,10-дан 2023 жылы 60,04-ке дейін), тыныс алу органдарының ауруларынан 5,7%-ға (2022 жылы 90,6-дан 2023 жылы 85,4-ке дейін), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 10,6%-ға (2022 жылы 2022 жылы 54,7-ден 2023 жылы 48,9-ға дейін), туберкулезден 16,7%-ға (2022 жылы 0,6-дан 2023 жылы 0,5-ке дейін) төмендеді.
Алайда, қан айналымы жүйесі аурулары мен жасөспірімдер өлімінен болатын өлім-жітім деңгейі жоғары.
Осы жылдың соңына дейін Қонаев қалалық ауруханасы жанындағы емханада және Кеген орталық аудандық ауруханасында үздік тәжірибе орталықтарын құру жоспарлануда.
Облыс бойынша ауруларды басқару бағдарламасы бойынша пациенттерді қамту 53 пайыз.
Ал 12 апта ішінде жүкті әйелдердің ерте тіркелуі 91,6% болып отыр.
Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 2023 жылдың 9 айында қызылшаға күдікпен 2 288 жағдай тіркелген. Ауру құрылымында 86% вакцинацияланбаған адамдар болды. Байланыстағы адамдарды вакцинациямен қамту 56% құрап, нәтижесінде барлығы 1 822 адам вакцинацияланды. 58 Білім беру ұйымында 99 жағдай, 75 мектепке дейінгі балалар мекемесінде 152 жағдай тіркелген.
Ауылдық МСАК объектісінде патронаж қызметінің әмбебап-прогрессивті моделі және балалар жасындағы ауруды интеграцияланған басқару (бұдан әрі — IBVDV) бойынша жұмыс жақсаруда. Алматы облысы бойынша әмбебап патронажға 3 жасқа дейінгі 69 373 бала, 9 айда қамту 62 414 (90%) құраған.
Алматы облысы бойынша жүктіліктің 12 және 32 аптасында 14 615 әйел әмбебап патронажғға ілікті, оның ішінде 11 876 әйел (81%) қамтылды. Прогрессивті қызметтер пакетімен 10 448 бала (16,7%) мен 1 524 жүкті әйел қамтылған (12%).
Облыс бойынша жүктілік бойынша есепке алынған әйелдер саны 22 519 әйелді құрады, оның ішінде жүктіліктің 12 аптасында пренатальды бақылаумен қамту 91,6% (20 635) жеткен.