Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бизнес жобаларды іріктеу бойынша алғашқы конкурс өтті

Алматы облысы жастарының кәсіпкерлік бастамалары үшін жеңілдетілген шағын несие беруге бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

05.05.2023
Аймақ

Аталған басқосуға комиссия мүшелері мен арнайы бақылаушылар және шағын несие алуға үмітті аудан мен қаладан келген жастар қатысты. Отырысты Алматы облысы әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым жүргізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 22 жас бизнес жобаларын ұсынып үлгерген.

Жалпы жастардың үздік идеяларын қолдауға мемлекеттен 2 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Жоспар бойынша 375 кәсіпкерге несие беру көзделген. Түрлі бағыттағы бизнес түрлерін қолдауға арналған несие көлемі 5 млн. теңгені құрайды.

Мемлекеттен қолдау алуға үмітті жастардың бірі Бекзат Әділбекова. Ол өзінің бизнес жобасын комиссия мүшелерінің алдында қорғады. Оның негізгі бағыты балабақша ашу. Іле ауданы Түймебаев ауылының тұрғыны аталған аймақтан аумағы 360 шаршы метр екі қабатты ғимаратты дайындаған. Ендігі кезекте ішкі жиһаздары мен ас үй жабдықтарын алуға жеңілдікпен несие алуға мүдделі болып отыр.

«Екі қабатты ғимараттты өз күшімізбен салдық. Бүгінгі күні балабақша 80 пайызға дайын тұр. Ендігі қалғаны ішін жабдықтау. Осыған мемлекеттен қолдау тапсақ игі болар еді», — дейді жас кәсіпкер Бекзат Әділбекова.

Кәсіптен нәсіп тапқысы келгендердің қатарында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Маржан Жүсіпбекова да бар. Ол таңқурай өсірумен айналыспақ.

«5 млн. теңге қаражатқа 16 500 түп таңқурай алу ойда бар. Алғашқы жылы бір гектар жерді жалға алмақпын. Өнімді кейін, ірі сауда орындарына өткіземін деген ниеттемін. Жидектерді мұздатылған күйінде нарыққа ұсыну жоспарда бар. Алғашқы жылы бір гектар алқаптан 9 млн. теңгеге дейін табыс табамын деп отырмын», — дейді Маржан Жүсіпбекова.

Өзіндік бизнес-идеяларын арқалап келгендердің басым бөлігі мал шаруашылығымен байланысты. Бірі жылқы асыраса, енді бірі сиыр, қой бағумен айналысқысы келетіндерін жеткізді. Бағын сынаған жастар арасында болашақта жүк тасымалымен айналысуды көздегендерде кездесті.

Еске сала кетсек, аталған жеңілдетілген несие алуға мемлекеттік бюджеттік ұйымдардан жалақы алатын жастар қатыса алмайды. Шағын несие жұмыссыз жастарды еңбекке тартуға, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыбизнесжастаридеяШағын несие

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz