11 °c
Qonaev
Пятница, 13 июня, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы жалғасын тапты

Осы жолы игі шара Қонаев қаласындағы «Жетісу» базары, «Qonaev city» сауда орнында және халық көп шоғырланған қала орталығында өткізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

by Мөлдір Иманмади
26.05.2025
in Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Акция аясында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы ұйымдастырған шарада халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер түсіндірілді. Мамандар науқастардың құқығы туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болатынын баса айтты.

«Акция Алматы облысында былтыр бастау алған. Өз жемісін берген жоба. Халық білікті мамандардан кеңес алып қана қоймай, денсаулығының жай-күйін біле алады. Халық арасында МӘМС жүйесіне қатысты қандай сауалдары барын да білуге келдік. Жалпы, өткен жылы Алматы облысы бойынша медициналық көмек алуға қатысты пациенттерден Қорға СРМ жүйесі арқылы 3594 өтініш түсті, оның 1642 – шағым. Құрылымы бойынша қарайтын болсақ, өңір тұрғындары негізінен емханалардағы медициналық қызметтің сапасына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту және стационарлардағы сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымданады», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалының бас эксперті Әмина Құдайберген.

Мамандар Қор диалогқа ашық екенін айтып, азаматтарды олардың құқықтары бұзылған немесе медициналық қызметтерден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады. Өтінішті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-да @ Saqtandyrýbot арқылы қалдыруға болады.
Мұнымен қоса, акцияға қатысушыларға Қалалық отбасылық медицина орталығы бейінді дәрігерлері кеңес беріп, тұрғындарды өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Келушілердің артериялық қысымын өлшеп, уақытылы скринингтен өту арқылы қауіпті ауруларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығын жеткізді. Мұнымен қоса қант диабетін анықтау үшін қан алып, тексеру жүргізді. Нәтижесі бірден айтылды. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін өте тиімді.

«Біздің акциямыз аурудың алдын алуға арналған профилактикалық шара. Жоғары қан қысы, қандағы қант деңгейінің жоғарылауы ауыр ауруларға алып келеді. Сондықтан біз осы дерттің алдын алуға бағытталған тексерулерді жүргіздік. Кейбір тұрғынға дәрі-дәрмек беріп, алғашқы көмек көрсеттік. Тіптен ары қарай емделуге дәрігер нұсқауы берілді», — дейді Қонаев қаласы отбасылық медицина орталығының дәрігері Ботагөз Рашидқызы.

Дәрігерлер емханаға тіркелу жолдары, аурдың алдын алуда скринингтің маңызын, тегін дәрі-дәрмек алу жолдары, пациент құқығы туралы кеңінен түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар мұндай акцияның өткеніне дән риза.

«Жиі өтіп тұрғаны жақсы. Өйткені, ауруханаға баруға көп жағдайда уақыт тапшы болып жатады. Сондықтан мұндай акциялар бізге керек. Қан қысымым жоғарылап кетіпті. Дәрігер емханаға қаралуға шақырды. МӘМС-тің мүмкіндіктерін де сұрап алдым. Тұшымды жауап берді. Ауырмайтын адам жоқ. Сондықтан ала бұл кеңестер міндетті түрде керек», — дейді қала тұрғыны Қарлығаш Накушева.

Алматы облысында «Дәрігер бұрышы» акциясы алда да жалғасын табады.

Tags: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалы«Денсаулық бұрышы» акциясыБасты жаңалықтарМӘМС

Ұсынымдар

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

13.06.2025
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

13.06.2025

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

13.06.2025

Қонаевта сасық иіс: қала әкімі жауап берді

13.06.2025

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

13.06.2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

13.06.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz