Оның аясында биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 60 жаңа көлік сатып алынып, өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ресми түрде тапсырылды.
Автокөлік кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімінің бірі Қонаев қаласында өтті.
Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов аудандық басқармаларға 14 көліктің кілтін табыс етті.