Мәлімет бойынша, ол мемлекеттен 170 млн теңгені заңсыз иемденіп, оны Қонаев қаласындағы казиноға жұмсаған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар тапсырып, субсидия алу мақсатында 947 млн теңге сұраған. Нәтижесінде 474 млн теңге көлемінде қаражатқа қол жеткізген.
Заңсыз алынған қаржыны жылыстату үшін ол 21 жеке кәсіпкермен жалған келісімшарттар жасасып, көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындағандай көрсеткен. Алайда бұл қызметтердің ешқайсысы орындалмаған.
«Жалған келісімдер негізінде 431 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. Ұрланған қаржыны заңды айналымға енгізу үшін күдікті жұбайының атына бағалы қағаздар рәсімдеп, қосымша 89 млн теңге заңсыз табыс тапқан. Сол қаражатқа Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер мен Toyota Highlander автокөлігін сатып алған. Сот аталған мүліктерге, 50 млн теңге қолма-қол ақшаға және 91 млн теңгенің бағалы қағаздарына тыйым салды», – деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігі.