Ведомство мәліметінше, облыс аумағында үш бірдей есірткі зертханасы анықталған. Қазіргі таңда есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендердің қаржылық арналарын бұғаттау бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Полицияның хабарлауынша, наркобизнеске қатысты 600-ден астам банк шоты бұғатталып, олардың жалпы айналымы 18 миллион теңгеге жуық қаражатты құраған.
Құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес тұрақты түрде жүргізіліп, мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жалғасын табады.