«М.Илхам» мал бордақылау алаңында 100-ге жуық ірі қара мал басы бар. Мүйізділердің барлығы етті мал шаруашылығының «қара маржаны» аталып кеткен — Ангус тұқымды. Мұнда жылына 600 бас мал бордақыланып, ет өндіруші компанияға жөнелтіледі.
Сонымен қатар, шаруашылық басшысы сиырлардың санын көбейту жоспарланып отырғанын айтты.
«Шаруашылықтың негізі 2001 жылы қаланған. Кейіннен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан лизингке техника алдық. Қазір 4 жұмысшы, 7 техникамыз бар. Алдағы уақытта, аналық малды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін мемлекеттен субсидия алуға мүмкіндік ашылады. Ангус тұқымды малды басқа ауданнан сатып алғанша, осы амалды жүзеге асырсақ деп отырмыз», — дейді Марс Идрисов.
Айта кетейік, қожалық мал қорегін де өздері дайындайды. Мұнда өсірілетін дақылдар арасында жоңышқа басты орын алады. Жыл сайын оның 200 тоннасы жиналады.