Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бастамасы мен қолдауының нәтижесінде өңірдің қала және аудандарына инватакси қызметіне арналған арнайы жабдықталған автокөліктер табысталды.
Аталған жоба ерекше қажеттіліктері бар жандардың білім алу, жұмысқа орналасу, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік қызметтерге еркін қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Инватакси автокөліктері заманауи техникалық және санитарлық талаптарға толық сай келеді. Бұл тасымалдау барысында қауіпсіздік пен жайлылықты барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келешекте бұл игі бастама облыстың шалғай елді мекендерін де қамти отырып, барша азаматтарға бірдей мүмкіндік ұсынуға бағытталады.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау – әлеуметтік инклюзияны қамтамасыз ету жолындағы өңірлік саясаттың басты басымдығы.