11 °c
Qonaev
Среда, 9 июля, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамуда

Алматы облысы соңғы жылдары халық санының күрт артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде жаңғыртып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
12.06.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Әсіресе, Қарасай ауданында бұл үдеріс ерекше қарқын алған. Соңғы он жылда аталған ауданда халық саны 221 мыңнан 342 мың адамға дейін өсті. Бұл жағдай электрмен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жедел әрі ауқымды шешімдерді қабылдауды талап етті.

Бүгінгі таңда Қарасай ауданында энергетикалық тапшылықты жою және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытында ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол Қаскелең, Шамалған, Елтай, Жандосов, Бекболат және Жамбыл ауылдарын қоса алғанда 16 елді мекенді қамтиды. Жоба тиісті комиссияның қарауына ұсынылып, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізу мәселесі қарастырылуда.

Қазіргі уақытта Исаев, Бекболат, Батан және Елтай ауылдарында электр желілерін толық жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мыңдаған тұрғынды үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды қадамдардың бірі — тұтынушыларды жекеменшік желілерден мемлекет теңгеріміне алынған жаңа желілерге көшіру. Бұл көлеңкелі монополистерге тәуелділікті жойып, көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтеді.

Кернеу тұрақтылығын қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жаңа қосалқы станциялар салу жоспарланған. Аймақтық инвестициялық бағдарлама аясында жалпы құны 18 млрд теңге болатын «Көлді» және «Индустриалды» атты екі жоғары кернеулі қосалқы станцияның құрылысы көзделген. «Көлді» станциясы бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2026–2030 жылдар аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қарасай ауданындағы тарату желілерін жаңғырту мен қайта құруға 7,2 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Елтай ауылдық округінің электр желілерін дамытуға арналған жеке инвестициялық бағдарлама 2026–2027жылдарға бекітілді.

Сумен қамту мәселелері де тұрақты бақылауда. Маусым айының басында Көктоган ауылындағы су айдау станциясында орын алған ақау салдарынан су беру уақытша тоқтатылды. Жедел түрде су автоцистерналар арқылы жеткізіліп, келесі күні жаңа су айдау қондырғысы орнатылды.

10 маусымда 0,4 кВ желісінде болған апат салдарынан су беру тағы да уақытша тоқтатылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарының жедел әрекетінің арқасында ақау бірнеше сағат ішінде жойылып, су жүйесі қалыпты жұмыс режиміне оралды.

Қазіргі таңда Көктоган ауылындағы су жүйесін қайта құру және салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Жармұхамбет, Елтай, Қаратөбе, Қайрат және Шалқар ауылдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар мыңдаған тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы облысында инфрақұрылымдық мәселелерге алдын ала ден қою принципі жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар жекелеген шешімдерден кешенді тәсілге көшіп, жаңа нысандар салып, ескі желілерді ауыстырып, коммуналдық инфрақұрылымды мемлекеттік балансқа біртіндеп енгізуде.

 «Біздің мақсатымыз — өңірдің әрбір тұрғыны, мейлі ол қалада болсын, мейлі ауылда болсын, жарық пен су тапшылығын сезінбеуі керек. Біз инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді әрі нақты түрде шешуді жалғастырамыз Кегеннен Қарасайға дейін», — деді Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

Халық санының артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін қысымның күшеюіне қарамастан, облыс алдағы сын-қатерлерге дайын екенін көрсетіп, әрбір тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылып келеді.

Tags: Алматы облысықазақстан

Ұсынымдар

Түрген шатқалында көлік аударылып, жүргізуші құтқарылды

08.07.2025
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

08.07.2025

Алматы облысының Жамбыл ауданында екі жаңа медициналық нысан ашылды

08.07.2025

АҚШ Қазақстан тауарларына баж салығын енгізетінін жариялады

08.07.2025

Алматы облысында балабақшаларға арналған электрондық табельдеу жүйесі енгізілді

08.07.2025

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

07.07.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz