Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасы салынады.
«Қуаттылығы жылына 240 мың тонна құс етін құрайды. Бұл жоба Қазақстандағы ең ірі және ТМД – дағы ең ауқымды жоба болмақ», — делінген сұранысқа жауап.
Объект кезең-кезеңімен ашылады. Кәсіпорынның бірінші кезегін іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Ал толық пайдалануға беру 2029 жылға қарай жүзеге аспақ.
Жалпы жобаны іске асыруға 271 млрд теңге жеке инвестиция салынады. 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.