Ауылдық округтердің атынан қатысқан келіндер байқаудың бес кезеңінде бақ сынасты. Келіндердің ерекше ынта, жоғары дайындықпен келгендері қырағы көрерменнің көңілінен шықты.
Бас жүлдені – Ұмтыл ауылдық округінің келіні Асқарова Гүлім Бауыржанқызы иеленді.
1-орын Береке ауылдық округінің келіні Тұрғанғазинова Аяулым, 2-орын Еңбекшіқазақ ауылдық округінің келіні Абдижабпарова Гүлжайна мен Іргелі ауылдық округінің келіні Оралхан Айнұр, 3-орынды Абдикаримова Гүлдана Тұрмағанбетовна иеленіп, диплом мен сыйлықтар табыс етілді.
Келіндерге үлгі өнеге көрсетіп, тәлім тәрбие беріп дайындауда, еңбектерін аямаған енелер қауымын Қарасай аудандық Мәдениет үйінің директоры Анар Бесікбайқызының атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Әділ қазылар алқасы «Қарасай аудандық қазақ тілі қоғамдық» қорының жетекшісі Шара Қанатқұлқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің әдіскері Супиева Гүлжан, Шамалған ауылдық «Аналар кеңесінің» төрайымы Батиха Миркамалқызы, Республикалық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық қорының Алматы облысы бойынша төрайымы Ләйле Ноғайқызы болды.
Жақында Ақтау қаласында өткен Республикалық «Абысын – ажын» байқауына Алматы облысы атынан қатысып, бас жүлдені жеңіп алған «Тату абысындар» командасы өнер көрсетіп көрерменді тәнті етті. Кеш соңында Алматы облысы мен Қарасай ауданының әрбір округтарынан келген ақ жаулықты аналар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ақ тілектерін жеткізді. Кеш ақ дастарханға ұласып, әжелер ақ батасын берді.