«Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен жедел қызметкерлер 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР Қылмысық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-баптың 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері).
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 1981 жылғы жәбірленушінің апасы болып табылатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды», – деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.
Істің тергеуін Алматы облыстық ПД бастығы ерекше бақылауға алды.