Әскерге шақыру тәртібі
18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Әскерге шақыру хабарламалары 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы, сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін жеке шақыру қағаздары негізінде жүзеге асырылады.
Алматы облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, шақыру басқармасының бастығы, полковник Дулат Акишевтің айтуынша:
- 890 сарбаз Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерде,
- 856 сарбаз Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.
Әскерге шақыру науқаны қалай өтеді?
Жалпы, әскерге шақыру жылына екі рет – наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында өткізіледі. Қонаев қаласы қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы, капитан Джамила Бухарбаева әскерге шақыру процесінің ашық түрде жүргізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, шақыру комиссиясының жұмысына кез келген азамат қатыса алады.
Бұл науқан әскери қызметтің абыройын арттырып, жастардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.