29 °c
Qonaev
Бейсенбі, Маусым 8, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

Облыс орталығында Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Ақерке Жұмағазықызы
24.05.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Мәдениет – мемлекет келбеті. Оны сақтау, болашаққа жеткізу баршамыздың ортақ міндетіміз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру жолында осы ұранды сөзді басты бағытта ұстап, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жылдан-жылға арттырып келеді. Мәдениет пен өнердің алтын арқауына айналған Алматы облысы да ерекше құрметке ие. Кешегі өткен Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Қожеке, Тұманбай аталарымыздың сара жолы мәңгілік жалғасу керек», – деді жиынды ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Салтанатты шарада облыс үздіктері марапатталды:

  • «Үздік мәдениет үйі қызметкері» номинациясын Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық Мәдениет үйінің директоры Бақытжан Құсайынов иеленді, оған 100 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды;
  • «Үздік музей қызметкері» – М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің қызметкері Мейіржан Мұсабаев;
  • «Үздік кітапханашы» – Қонаев қаласы кітапханасының Кітапханашысы Жазира Нуптиева;
  • «Үздік биші» – «Алатау әуендері» концерттік ұйымының балет әртісі Мәдина Батыршаева;
  • «Үздік әнші» – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Алуа Қосанова;
  • «Үздік аспапшы» – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының аспапшы әртісі Алма Кішікбаева;
  • «Үздік қолөнер шебері» – «Ұста Дәркембай» қолөнер музейінің шебері Дәулетбек Әбдіқайымов;
  • «Үздік театр ұжымы» – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қаракемер» балалар театрының көркемдік жетекшісі Жарқын Барақбаев атанды.

Ал «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясымен «Алматы облысының музейлер бірлестігі» марапатталып, мекеме директоры Әнуар Үмбеталиевке Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілті, арнайы диплом табысталды.

 

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен Сүйінбай атындағы облыстық филармония, облыстық Халық шығармашылығы орталығы, облыстық әмбебап кітапханасы мен аудандық орталық кітапханалар марапатталды.

«Алатау әуендері» концерттік ұйымының әншілері Мирас Бекжанов пен Құралай Бекжанова, Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова «Мәдениет саласының үздігі» атанды.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Шараның ресми бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтармарапатмәдениетөнерүздіктер

Ұсынымдар

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

08.06.2023

Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды

08.06.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында тауға шыққан тиктокер жоғалып кетті

08.06.2023

Қазақстанда жемқорлықпен күресіп жатырмыз – Президент

08.06.2023

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз – Тоқаев

08.06.2023

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

08.06.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz