Анықталған деректерге сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдары «Evergreen Investment» ЖШС-недемалыс аймағын салу үшін қажетті рұқсат құжаттарын негізсіз бермей қойған. Аталған компания — мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін ірі инвестициялық жобаның бастамашысы.
«Прокуратура бұл жағдайға дереу араласып, аудан прокурорының шаралары нәтижесінде инвесторға тиісті рұқсаттар берілді. Сонымен қатар, заңсыз әрекет еткен тұлға жауапкершілікке тартылды», – делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса, тексеру барысында «Маревен Фуд» ЖШС-нің банктік шотына жекеменшік сот орындаушысының заңсыз бұғат салғаны белгілі болды. Компанияның талапты өтеуге жеткілікті бөлек шоты бола тұра, барлық қаражаты бұғатталып, нәтижесінде кәсіпорынның қызметі толық тоқтап қалған.
Прокуратураның наразылығынан кейін бұғат алынып, инвестордың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Фото: Polisia.kz.