Атап айтқанда, Алматы облысының батысы мен орталық бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысының батысында табиғи өрттердің туындау қаупі жоғары болып отыр. Мамандар бұл өңірлерде ашық отты қолданбауға, орман алқаптарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Құрғақ шөп пен қураған жапырақтардың мол жиналуы, сондай-ақ ауа температурасының жоғары болуы табиғи өрттердің жылдам таралуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өрттің алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлу қажет.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, табиғат аясында демалған кезде абай болуға және күдікті жағдай туындаған жағдайда шұғыл түрде 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.
Өрт қауіпі кезеңінде әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды. Табиғатты қорғау – ортақ міндет.