10-12 маусым аралығында облыс аумағында 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Сонымен қатар, оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай ойнауы ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Мамандардың мәліметінше, аталған күндері облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал солтүстік және батыс өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Синоптиктер мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды барынша абай болуға, орманды және дала алқаптарында ашық от жақпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.