Өрт қауіпсіздігін сақтау мен қайғылы жағдайдың алдын алу үшін «2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарына» сәйкес тамыз айында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне комиссиялық тексеру жүргізілген.
Профилактикалық жұмыстармен халықтың әлеуметтік осал топтарының 4 611 үйі қамтылып, 5 213 азаматқа нұсқау берілген.
Спикердің сөзіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен осы жылы 447 улы газ датчигі және 249 түтін детекторы сатып алынып, жылыту кезеңінің соңына дейін 530 датчик сатып алынып, орнатылады.
«Жылу беру кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмыс бақылауда және маусым аяқталғанға дейін жалғасатын болады», – деді Александр Пархоменко.
Сондай-ақ, спикер жеке сектор тұрғындарына тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің үлгілік ережелерін бұзбау керектігін ескертті.