Жыртқыштар Көлсай көлдері ұлттық паркінде фототұзаққа түсіп қалған.
«Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар. Сирек кездесетін жануар 1978 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулаған жағдайда мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлады комитет.
Сарапшылар фототұзақтардың болғанына қарамастан, қар барысын түсіру қиын екенін айтты. Еркіндікті сүйетін жануар жиі қоныс аударады, сондықтан олардың қозғалысын бақылау оңай емес. Олар шекаралас аймақтарды мекендейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram