31 қаңтар күні Алматы облысында ауа райы құбылмалы болады. Түнде кей жерлерде қар жауып, күндіз жауын-шашын (негізінен қар) түсуі мүмкін. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Шығыс және таулы өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қонаев қаласы: 31 қаңтарда кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Жолға шыққанда ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сапарды алдын ала жоспарлауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға кеңес береді.