Партия филиалы төрағасының айтуынша, сайлауалды бағдарламаның «Қолайлы экологиялық орта» бағыты бойынша 3 ауданда және Қонаев қаласында қоқыс тиеу және сұрыптау алаңдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады.
Сондай-ақ өңірдегі 7 полигон санитарлық ережелерге сай келтіріледі. Нәтижесінде барлық стихиялық полигондар жойылып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 22%-дан 40,2%-ға дейін артады.