Видеодан екі ер адамның – бірі қолына мылтық ұстаған қорықшының – сөзге келіп, дауласып тұрғаны көрінеді. Бір мезетте қорықшы мылтығын оқтап, қарсы алдындағы адамның аяғына жақын жерден оқ атады. Жәбірленуші жерге құлап, жараланған аяғын ұстап, айқайлай бастайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжалға себеп – далада от жағу болған.
Оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Онда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.
«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, жанжал тұрмыстық сипаттағы келіспеушіліктен туған», — делінген полиция таратқан ақпаратта.