11 °c
Qonaev
Суббота, 14 июня, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында сапасыз құрылысқа қарсы шаралар күшейтіледі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша құрылыс және мердігерлік жұмыстардың сапасыз орындалуына қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
09.06.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Бұл туралы өңір басшысы облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде қабылданған шешім барысында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, жуырда облыстық мәслихат депутаттары Кеген ауданындағы бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасына, жобалық-сметалық құжаттаманың сәйкестігіне, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаудың ұйымдастырылуына қатысты елеулі кемшіліктерді анықтаған болатын.

«Атап айтқанда, екі нысан пайдалануға берілгенімен, құрылыс барысында орын алған бұзушылықтарға байланысты олар белгіленген талаптарға сәйкес емес. Мәселен, Кіші Қарқара ауылындағы медициналық пункт апатты деп танылды, ал Кеген ауылындағы «Балауса» балабақшасы тек 50 пайыз қуаттылықпен ғана жұмыс істеп тұр», — деді облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

Мониторинг барысында 2013 жылы пайдалануға берілген 280 орындық балабақшаның бүгінде толыққанды жұмыс істемейтіні белгілі болды. Топырақ қозғалысына байланысты нысанның бір блогы жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, алайда жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат бөлінбеген.

Сонымен қатар депутаттар 2018 жылы салынған Шырғанақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) де проблемаларын атап өтті. Ғимарат пайдалануға берілгенімен, қабылдау актісінің жоқтығынан денсаулық сақтау жүйесінде әлі тіркелмеген. Қабырғаларында жарықтар пайда болған бұл нысанға қатысты техникалық сараптама жүргізу қажет.

Сапасыз жұмыстардың өзге мысалдары қатарында Жалаңаш ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы мен өрт сөндіру депосының құрылыс кестесінен кешігуі де аталды. Бұған қоса, аудандағы суару жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары да баяу жүргізілуде.

«Қазіргі таңда төрт инфрақұрылымдық нысанда мердігерлік жұмыстар өте баяу әрі сапасыз жүргізілуде. Олардың қатарында Кеген ауданындағы Торайғыр және Көпалы арналары бар», — деді Қуат Байғожаев.

Мәселен, Жалаңаш ауылдық округіндегі 12 құдықты қайта жаңғырту және құбырлар тарту жобасы бойынша жоспарланған жұмыстың тек 25 пайызы ғана орындалған. Инспекция барысында құбырлардың жобадан ауытқумен төселгені, гидрооқшаулаудың жоқтығы және техникалық әрі авторлық қадағалаудың іс жүзінде жүргізілмегені анықталды.

Кеген ауданында қайта жаңғыртылуы тиіс жалпы құны 8 миллиард теңгеден асатын магистральды суару арналарының тек 31 шақырымы ғана салынған. Қарқара ауылынан басталатын «Мөнкебай» каналының құрылысы қаржыландыру тапшылығы салдарынан айтарлықтай кешігіп жатыр. Қазіргі уақытта мердігер ұйым жұмыстарды өз қаражаты есебінен жалғастыруда.

Облыстық мәслихат депутаттары мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді облыстық деңгейде қарастырып, жауапты мемлекеттік органдар тарапынан нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев депутаттар ұсынған материалдарды жан-жақты зерделеп, құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды. Сонымен қатар облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарына тиісті бақылау жүргізбегені үшін Құрылыс басқармасының басшысына тәртіптік шара қолдануды жүктеді.

«Мәслихат депутаттарының жұмыс сапарлары барысында түскен материалдар құрылыс нысандарындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл — халықтың пікірін ескеріп, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал ететін кері байланыстың маңызды тетігі», — деп атап өтті облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиев сондай-ақ сапасыз құрылыс немесе жауапсыз мердігерлер туралы азаматтардың алдын ала хабардар болуы қажеттігін баса айтты. Оның пікірінше, бұл тек ашықтық мәселесі ғана емес, қоғам алдындағы сенім мен әлеуметтік жауапкершілік мәселесі.

«Бюджеттен бөлінген әрбір теңге сапалы нәтижемен дәлелденуі тиіс. Азаматтар өз пікірлерінің ескерілетініне және құрметтелетініне көз жеткізуі қажет. Тек осы жолмен ғана қоғамдық бақылау жүйесін тиімді құрып, барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға болады», — деді өңір басшысы.

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Ұсынымдар

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

13.06.2025
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

13.06.2025

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

13.06.2025

Қонаевта сасық иіс: қала әкімі жауап берді

13.06.2025

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

13.06.2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

13.06.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz