11 °c
Qonaev
Пятница, 23 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында саяжай алқаптары елді мекендер құрамына енгізілуде

Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе — саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
08.04.2025
in Аймақ, Алматы облысы
Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алматы облысының Архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде жалпы саны 677 саяжай массиві тіркелген.
Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында – 9 және жаңадан құрылған Алатау қаласында – 40.
Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Алматы облысы бойынша 367 саяжай массивін елді мекендерге қосу үшін қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл – өңір тарихындағы саяжай мәселесін кешенді түрде шешуге арналған алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.
Іле ауданында
88 саяжай массиві 8 ауылдың құрамына енгізілді. Атап айтқанда, КазЦИК, Көкқайнар, Жапек батыр, Косөзен, Байсерке, Қоянқұс, Комсомол, Жанаталап ауылдарына тиесілі саяжайлар енді заңды түрде елді мекендер шекарасына кірді. Бұл өзгерістердің барлығы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдерімен бекітілді.
Қарасай ауданында
6 елді мекеннің аумағына 102 саяжай массиві енгізілді. Оның ішінде:
•Қаскелең қаласына – 44,
•Қырғауылды ауылына – 21,
•Алмалыбақ ауылына – 26,
•Қошмамбет, Елтай және Долан ауылдарына – 11 саяжай массиві қосылды.
Бас жоспарлар 2024 жылдың ақпан айында аудандық мәслихат шешімдерімен бекітілді.
Талғар ауданында
6 елді мекен бойынша 93 саяжай массиві елді мекен құрамына енгізілді. Бұл ауылдардың қатарында Кендала, Ақтас, Бесағаш, Тұздыбастау, Байбұлақ және Қызылту бар. Барлық жоспарлар 2024 жылдың 26 қаңтарында Талғар аудандық мәслихаты шешімімен бекітілді.
Еңбекшіқазақ ауданында
Байтерек ауылы мен Есік қаласына тиесілі 35 саяжай массиві елді мекендердің шекарасына енгізілді. Құжаттар 2023 жылдың желтоқсанында бекітілген.
Қонаев және Алатау қалалары
Қонаев қаласына – 9, Алатау қаласына – 40 саяжай массиві қосылды. Қалалардың бас жоспарлары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023 және 2024 жылдары бекітілді.
 2024 жылы облыс бойынша 51 елді мекенге қатысты жаңа қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесінде, шамамен 15 383 жер телімі елді мекендердің шекарасына ресми түрде енгізілмек. Оның ішінде:
•Іле ауданында – 30 саяжай массиві,
•Талғар ауданында – 19,
•Қарасай ауданында – 27.
2025 жылы Қарасай ауданының Тұрар, Көлді, Бекболат, және Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдарына қатысты 23 саяжай массивін заңдастыру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жерлердің жалпы ауданы – 123,04 гектар.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, бекітілген бас жоспарлар негізінде елді мекендердің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №18-ӨН/Қ өкімімен, саяжай массивтері бойынша өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселелеріне нақты жауаптар берілуде.
Фото: Almaty.tv
Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Ұсынымдар

Алматы облысында өрт қаупі күшейді

23.05.2025

AMANAT: Іле ауданындағы ірі кәсіпорын жұмысшылары өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді

23.05.2025

Президент бірнеше елге жаңа елші тағайындады

23.05.2025
Фото: gov.kz

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

23.05.2025

Балуан Шолақтың ізбасарлары

22.05.2025

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

22.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz