2025 жылғы 31 қаңтарда Қонаев қаласында көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аумақтарғабірлескен тексеру жүргізілді. Іс-шараға Қонаев қаласының әкімі А. Бердіханов, Алматы облысы ТЖД бастығы Д. Оразбеков, қалалық басқармалар мен әкімдік бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ Ш. Шокин атындағы Қапшағай ГЭС гидротехникалық құрылымының мамандары қатысты.
Тексеру барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету алгоритмдері талқыланды. Ерекше назар су басу қаупі жоғары аймақтарға аударылды.
Жауапты тұлғаларға белгіленген мерзім ішінде тиісті шараларды жүзеге асыру тапсырылды. Қабылданған шешімдер қауіп-қатерлерді барынша азайтуға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.