Маршрут барысында Бартоғай су қоймасы, Ақтоған ауылы, Масақ ауылы, Іле өзенінің 164-ші шақырымы, сондай-ақ Бақанас, Бақбақты және Жиделі елді мекендерін қамтитын Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандарындағы су тасқыны қаупі жоғары учаскелер тексерілді.
Тиісті органдардың өкілдерімен бірлесіп, өзендерге, су қоймаларына және қар жамылғысына аэровизуалды шолу жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша су нысандарының жай-күйі мен қар қалыңдығының деңгейіне баға берілді. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленді.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті алдын алу шараларын жалғастыруда және гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет ете отырып, аймақты үздіксіз бақылауда ұстайды.