Судья мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ведомство өзге ақпаратты заң бойынша жария жасамайтындарын айтты.