Бұл игі бастамаға қоғамдық бірлестіктер, жастар, еріктілер, этнос өкілдері мен кәсіпкерлер белсене атсалысып келеді. Бүгін облыс орталығында өткен экологиялық акция да осы серпінді жұмыстың айқын көрінісі болды.
Эковолонтерлердің айтуынша, тек қоршаған ортаны тазарту жеткіліксіз – ел болашағы үшін сананы жаңғырту, азаматтық жауапкершілікті арттыру мен қоғамдық бірлікті нығайту қажет. Өйткені біз келер ұрпаққа тек таза табиғатты ғана емес, сонымен қатар таза ой-сананы, биік құндылықтарды мұраға қалдыруымыз керек. Осындай шараларға қоғам өкілдері мен кәсіпкерлердің белсенді қатысуы ортақ іске деген сенімді күшейтіп, зор үміт сыйлайды.
Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасына 150 мыңнан астам адам мен 8 мыңнан астам кәсіпорын қатысып, 60 453 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, 539 тарихи-мәдени ескерткіш пен 1054 әлеуметтік нысанның айналасы тазартылды.
Таза табиғатты сақтау жолындағы бұл ізгі бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.