11 °c
Qonaev
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында тұрғын үй және инфрақұрылым жүйелі жаңарып жатыр

Тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейіне тікелей әсер ететін біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Алматы облысында бұл мәселелер нақты сұраныс пен халық санының өсу динамикасы ескеріле отырып, жүйелі және кезең-кезеңімен шешілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
02.07.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Өңір тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан аймақтық бағдарлама аясында бастапқыда анықталған 1033 өзекті мәселенің 329-ы шешімін тапты. Қосымша тағы 112 өтініш келіп түсті. Негізгі шешілмеген мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол-көлік желісі, сумен қамтамасыз ету, электр қуатының тапшылығы, білім беру және құрылыс салаларын қамтиды.

Көптеген елді мекендерде инженерлік желілердің шамадан тыс жүктелуі – 40 жыл бұрынғы халық санына негізделген жобалардың қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтуымен байланысты. Бүгінде әрбір ауылда халық саны едәуір өсіп, инфрақұрылымға түсетін салмақ артқан.

Халық саны қарқынды өсіп жатқан аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда халқы 120 мыңнан астам адамға артқан Қарасай ауданында электрмен жабдықтау және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Бұл жоба 16 елді мекенді қамтиды. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға өтінім бюджеттік комиссияға жолданды.

Құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7%-ға артты. 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метрді тапсыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар да тұрғын үймен қамтамасыз етілуде – өткен жылы 442 отбасы баспаналы болды.

Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарып, 1331 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл мақсатқа 3,1 млрд теңге бөлінген.

Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 246 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 53 жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Тек сумен қамту және су бұру жобаларына 28,6 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл 25 елді мекенде таза ауызсуға қолжетімділікті жақсартып, орталықтандырылған сумен қамтуды 99,5% деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді.

Газбен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы 157 елді мекенге газ жеткізілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 165 елді мекенге жетпек. Нәтижесінде, халық саны бойынша газбен қамту деңгейі 80,7%-ға дейін өседі.

Жол инфрақұрылымы да басым бағыттардың бірі. 2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 38,1 млрд теңге бөлініп, 680 шақырымнан астам жол жөнделді. Бүгінде облыстағы автомобиль жолдарының 94%-ы нормативтік жағдайға келтірілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Осылайша, тұрғын үй құрылысы, инженерлік желілер, жолдар және халықтың күнделікті өмірін қамтамасыз ететін басқа да жүйелерді жаңғырту бойынша кешенді жұмыс өңірдің инфрақұрылымдық мәселелерін жүйелі шешуге және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Tags: Алматы облысықазақстан

Ұсынымдар

Қонаевта «Oceanman» жарысы өтті

06.07.2025

Алматы облысында «Р-3» арнасындағы жұмыстарды жеделдету жөніндегі жол картасы бекітілді

04.07.2025

Алматы облысында балық шаруашылығы дамудың жаңа кезеңіне өтті

04.07.2025

Алдағы күндері -46 градусқа дейін ыстық болады

04.07.2025

Қонаев қаласында қоқыс полигоны жаңғыртылуда

04.07.2025

Қонаев қаласындағы жағажайларда санитарлық талаптар мен қауіпсіздік қатаң бақылауда

04.07.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz