-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазына автокөлік кілті табысталды

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Ақерке Жұмағазықызы
30.09.2022
Аймақ
Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Педагогтардың басқосуында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев «Үздік ұстаз» атанған Балауса Саримоваға автокөлік кілтін табыстады. Ол – Іле ауданындағы №40 мектептің физика пәнінің мұғалімі.

Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев білім беру жүйесін дамытуға, рухани, адамгершілік тәлім-тәрбие беруге үлес қосқан бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен, құрмет грамотасымен марапаттады.

«Соңғы 3 жылда педагогтардың жалақысы 75 пайыз көтерілді, келер жылдың қаңтарында тағы 25 пайызға артады. Бесінші жыл қатарынан жаңа форматта біліктілік деңгейін растаған педагогтардың жалақысы 30-50  пайыз артып, қазіргі кезде облысымыздағы 31 193 ұстаздың 9331-і модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санатында. Магистр-педагогтарға  10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленеді», – деді ол өз сөзінде.

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

Алматы облысы әкімінің:

Құрмет грамотасымен 22 ұстаз;

Алғыс хатымен 33 педагог марапатталды.

Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына ие болғандар:

Наурызбай Артанов – Қарасай ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Зарина Артықбаева – Іле ауданындағы №28 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Министрліктің Құрмет грамотасын алғандар:

Гүлжихан Иманхатова –  «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары;

Гүлзат Ержанова – Қонаев қаласындағы Мектепке дейінгі шағын орталығымен орта мектеп-гимназиясының директоры.

Сондай-ақ аталған министрліктің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі 4 ұстазға, «Еңбек ардагері» медалі 3 мұғалімге табыс етілді.

Бұдан бөлек, облыста өткен кәсіби байқаулардың бірнеше номинациясы бойынша жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты рәсімнен соң облыс әкімі ұстаздарды құттықтап, олардың білім беру саласында сіңірген еңбегі мол екенін атап өтті.

Фото: alataunews.kz/Аслан Қажеке

1 of 24
- +

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz