Ержан Әбілхасымович 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары — 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-да ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру мекемелерінде бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2015–2017 жылдар аралығында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-да бас медициналық кеңесші қызметін атқарды.
Сондай-ақ, ол «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталған.