Демалыс күндері полицейлердің жұмысы күшейтілді: патрульдік жасақтардың саны арттырылып, олар күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ерекше назар:
-
қауіпті учаскелерге,
-
халық көп жиналатын орындарға,
-
қала сыртындағы тасжолдарға аударылуда.
Ведомствоның хабарлауынша, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар:
-
көлікті масаң күйде басқару,
-
жылдамдықты шамадан тыс асыру сияқты өрескел құқықбұзушылықтар анықталуда.
ІІМ өкілдері азаматтарға үндеу жасады:
«Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар. Өзіңіздің де, өзгелердің де өмірін қорғаңыздар!»