Оқиға Боралдай ауылында орын алған. Патрульдік полиция күдік тудырған Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан кезде, 44 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдік ішімдік ішу белгілері – тән иіс пен сөйлеу мәнерінің бұзылуы байқалған.
Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады.
Тексеру барысында аталған азаматтың бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасап, жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Алайда ол сот шешімін елемей, қайтадан мас күйде рөлге отырған.
Қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы облыстық полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйде көлік жүргізудің заң бұзушылық қана емес, адам өміріне төнетін тікелей қауіп екенін ескеруге шақырды.