16 °c
Qonaev
Сенбі, Қыркүйек 23, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысындағы мектептердің санитарлық талапқа сәйкестігі тексеріліп жатыр

Санитариялық қызмет мамандары өңірдегі 425 мектептің әзірге 15 пайызына ғана тексеріс жүргізіп үлгерген.

Ақерке Жұмағазықызы
18.08.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Исмаилов Марат өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Маманның айтуынша өткен оқу жылында 9 аудан мектептерінде талаптардың сақталмағаны анықталған.

«Қазіргі тексерістің нәтижесі бойынша да олқылықты түзету жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін қызметкерлеріміз қатаң тексеріс жүргізеді. Барлық білім нысандары қыркүйек айына дейін дайын болуы қажет. Егер білім санитарлық талапқа сай болмаса немесе құрылыс уақытылы аяқталмаған жағдайда оқушыларды өзге мектепке уақытша ауыстыруға тура келмек. Бастысы балалардың денсаулығына қауіп төнбеуі шарт», – дейді Марат Исмаилов.

Сонымен қатар баспасөз-мәслихаты барысында маман ата-аналарға оқушылардың денсаулығына теріс әсер ететін факторларға назар салуды сұрады.

Айта кетсек, мектеп сөмкесін сатып алғанда 1 келіден аспауы қажет. Ауыр рюкзакты кию сколиоз, остеохондроз сияқты ауыруларды тудыратынын айтты. Түнде және демалыс күндері гаджеттерді пайдалануға тыйым салу маңызды. Балаларға планшетті күніне 30 минуттан, ал смартфондарды күніне екі сағаттан артық пайдалануға рұқсат етілмейтінін айтты. Оқу жылы басталмас бұрын, ата-аналарға балаларды медициналық тексеруден өткізуге кеңес беріледі.

2022 жылдың көрсеткіші бойынша 153 мыңнан астам оқушы тереңдетілген медициналық тексеруден өткен.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz