7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысындағы сенбілікке 12 мың адам қатысып жатыр

Алматы облысында «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында сенбілік өтті.

Ақерке Жұмағазықызы
18.03.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жылдық жоспарға сәйкес, өңірде 109 800 ағаш отырғызылуы тиіс. Оның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 10 000 дана жасыл желекті егу көзделген.

Жалпыоблыстық тазалық күніне өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Ол жер дүниенің бусанып, жасанатын шағында іске асқан бұл бастама өлкемізді көріктендіруге қосылған зор үлес деген пікірде.

«Бүгін «Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтіп жатыр. Игі шара жаңа өмірдің басталуы саналатын наурыз мерекесінің қарсаңында өтуде. Жалпы, сенбілікке 12 мың адам қатысып, 200-ге жуық техника жұмылдырылды», – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Өңірді көркейтуге бағытталған істе төбе көрсеткендердің арасында облыстық жастар ресурстық орталығы да бар.

«Шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтары, еріктілер мен «Біргеміз» фронт кеңсесінің жастары қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Бүгінгі науқан өңірді жасыл желекке айналдыру мақсатында ұйымдастырылған», – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешов.

Айта кетейік, бүгін облыста 100-ден астам көше, 12 шақырым арық жүйесі, 400-ден астам көпқабатты үйдің ауласы тазартылды.

Тегтер: Алматы облысыСенбілік

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz